Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Ұлағатты сөздер (5)

Барлық жағынан жағымды, позитивті, жақсы болып көрінетін адамның өзінде, өмірінде сəтсіздіктер мен қиындықтар, проблемалар болуы мүмкін – демек бұл салдары. Ал себеп мынада, ол белгілі бір уақытта, Жаратушының заңдылықтарын дұрыс түсінбеді немесе дұрыс қолданбады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, жақсы, жағымды, адам, Өмір, сәтсіздік, қиындық, проблема, себеп, салдар, жаратушы, Заң, түсінік, дұрыс, қолдану Нарша Булгакбаев

Позитивті ойлаған жақсы, бірақ олардың көбісі жалғандыққа негізделгендіктен, ол адамды толық кемелдікке, шынайы бақытқа жеткізбейді. Сондықтан позитивті ойлау тек ақиқатпен бірге, ақиқатқа сай болуы керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, жалған дүние, кемелдену, бақыт, ақиқат Нарша Булгакбаев

Сіз эфемерлі (баянсыз, құбылмалы, тұрақсыз, уақытша), позитивті ойлауды насихаттайтын кітаптардан гөрі байсалды, байыпты, шынайы және нақты дәлелденген, нәтижелі кітаптарды,
пайдалы ғылымды іздеңіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, нақты, дәлелдеу, нәтиже, кітап, Шын, ғылым Нарша Булгакбаев

Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасаңыз және өз тағдырыңызды басқа біреу емес, өзіңіз жазыңыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, дұрыс, қадам, тағдыр, жазу Нарша Булгакбаев

Позитивті ойлау – баянсыз, құбылмалы, тұрақсыз, уақытша болып келеді, ал дұрыс ойлау – байыпты, шынайы, дәлелді және нақты болып келеді. Позитивті ойлау – бұл әдемі шабыттандыратын ертегі, ал дұрыс ойлау – бұл нақты нәтижелерге қол жеткізу.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, дұрыс, ойлау, ертегілер, нәтиже Нарша Булгакбаев